27
сентябрь
2019
Ата-аналар жиналысы
Мектебімізде 27 күні қыркүйек айында жалпы ата- аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа Қапшағай қалалық прокуратуросының прокуроры, Ибраева Жанар Еркінбекқызы, ҚІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің ЖҚП ЮП аға инспекторы полиция майоры Карибаева Асем Бақытовна қатысты. Онда «ҚР әкімшілік құқықбұзушылық» кодекстері мен «Отбасындағы зорлық-зомбылық» тақырыптарында және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында семинар-жиналыс өткізіліп, құқық қорғау мәселелері туралы түсінік берілді. Сонымен бірге тарих пәні мұғалімі Смадиев Бекзат «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру реформалардың жарқын жолы» тақырыбында ой-толғау жүргізіп, ата-аналарға постер қорғатып, ойларын тыңдап, талқыланды.