17
февраль
2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ата-аналар жиналысы
Алматы облысы Қапшағай қаласы Арна ауылындағы №11 орта мектеп МКМ де 24 ақпан күні «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментіне және 1424 Call- орталығына білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдері әр түрлі іс- шаралар мен қажеттіліктерге мектеп оқушыларынан 500-5000 теңге аралығында қаражаттарын талап ету деректері бойынша ата – аналар тарапынан көптеген шағымдар түсіп жатқанына байланысты әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымдары мен қарқорлық кеңесінің мүшелеріне жиналыс өткізілді. Ата – аналарға толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.