05
декабрь
2022
Оқу процесін ұйымдастыру
"Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арна ауылындағы №11 орта мектеп" МКМ білім алушыларын робототехника, программалау, 3D-модельдеу қызықтырады.
Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін пән мұғалімдері неғұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттіліктер қажет екенін ескереді. Оқушылардың озық технологияларды меңгеруі, топта жұмыс істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық жұмыстарды жүргізу үшін түрлі әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, сабақтар өткізіледі.
Пән мұғалімдері: педагог-сарапшы Ойсалова Асылзат Әбіласанқызы, педагог, жас маман Мыңжасар Фариза Қалиқызы